Алматыда тағы бір нысан сүрілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарасай батыр көшесі мен Жұмалиев көшесі қиылысы, 126/135 мекенжайында өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүріледі.

"Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында жеке тұлға рұқсат құжаттары жоқ екеніне қарамастан қосалқы және кіреберіс құрылыс жүргізгені анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілікқұқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық сотының 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама