ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2019 | 11:39
Алматыда тағы бір ыстық су құбыры жарылды
Алматыда тағы бір ыстық су құбыры жарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гиринге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда тағы бір ыстық су құбыры жарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гиринге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Maxima сауда орталығының аумағында құбыр жарылған. Фонтан диаметрі 50 сантиметрге жеткен.
"Құбыр 1997 жылы орнатылған және 22 жыл қызмет атқарды. Биыл ол тексеруден өткен еді. Өкінішке орай, құбыр жарылды. Құбырда су беру тоқтатылды, оқиға орнында апаттың салдарын жою үшін мамандар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ян Гирин.
Оның айтуынша, бұл апаттардың салдарынан пәтерлерге су беру тоқтатылмайды.
Еске салайық, кеше Алматы көшелерінің бірін жылу жолынан аққан ыстық су басты.
Показать комментарии
Читайте также