Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің фотосы

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Тастақ-3 ықшамауданындағы Дүйсенов көшесі бойында орналасқан дәмхананың жапсарлас құрылысын сүру жұмыстары басталды.

Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында әкімшілік шаралар қабылданып, іс материалдары Алматының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Реклама
Реклама

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алматы сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", - деп хабарлады басқарма.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

9 сәуірде Алматы Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама