11 қаңтар 2022 08:43

Алматыда тағы бірнеше аудан қылмыскерлерден тазартылды

Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша ақпарат жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның ақпарат орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша ақпарат жаңарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық комендатураның ақпарат орталығына сілтеме жасап. 

Комендатура мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

Реклама
Реклама

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 38 адам ұсталды. "102" басқару пультіне небәрі 608 хабарлама келіп түсті. 

Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті

Еске салайық, кеше, 10 қаңтарда Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram