Алматыда тағы да аптап, ал Астанада жаңбыр жауады

Алматыда тағы да аптап, ал Астанада жаңбыр жауады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде – 18, 19 және 20 шілдеде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

18 шілдеде күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.

Жарнама
Жарнама

19 шілде күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.

20 шілдеде күн бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

18-20 шілде аралығында күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.

Қазақстанда нөсер жауады, бірақ +48 градусқа дейінгі аптап қайтпайды

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазақстанның кейбір аймақтарында нөсер жаңбыр жауса, енді бір өңірлерінде +48 градусқа дейінгі аптап сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама