18 наурыз 2020 08:53

Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында - 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға 19 наурыздан бастап кімдер кіріп-шыға алатыны айтылды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram