09 тамыз 2021 | 18:00

Алматыда тағы үш жаңа жолайрық салынады

Фото: elements.envato.com

Алматыда тағы үш жаңа жолайрық салынады. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тағы үш жаңа жолайрық салынады. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, негізгі жолайрықтар шағын көлік айналымында салынады. Бұл әл-Фараби және Рысқұлов даңғылдары, Сайын көшесі және Шығыс айналма жолы. Қала билігі жүктемені азайту үшін осы айналма жолдағы бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерін алып тастауға ниетті.

"Шағын көлік айналымында бір деңгейде орналасқан бірнеше жаяу жүргіншілер өткелі және бірнеше бағдаршам нысандары қалды. Осы нүктелерде болашақта жолайрық пен бұрылу эстакадалары салынады. Біз олардың құрылысын қазір салынып жатқан жолайрық жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастаймыз", - деді Мырзаханов.

Реклама
Реклама

Ол жаңа жолайрықтар Рысқұлов даңғылында Жангелдин, Айша бибі және Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында пайда болатынын нақтылады.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда үш жолайырықтың құрылысы жүріп жатыр. Биыл Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында орналасқан жолайрық жұмысын аяқтау жоспарланған. Келесі жылы Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтар, сондай-ақ Бұқтырма және Құлжа трактісі көшелерінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Бұған дейін Алматыда жаңа жолайрық Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында салынатыны хабарлаған болатын. Жобаға барлығы 5,6 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная