ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2021 | 16:25
Алматыда танымал адамдар карантин ережесін бұзды деп айыпталды
Қазақстандық танымал адамдар Алматыда карантин режимін бұзды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық танымал адамдар Алматыда карантин режимін бұзды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өткен демалыс күндері Instagram қолданушылары қазақстандық шоу-бизнес пен кино өкілдері жариялаған шараға ерекше назар аударды. Алматыда ресейлік фастфуд мейрамханалар желісінің ашылуы болған. Оқиға 8 тамызда Royal Tulip қонақүйінің маңында болды.
Кейін әлеуметтік желілерде оқиғадан түсірілген суреттер мен видеолар пайда болды. Кадрлардан жиында Луина, Лидо, Тамара Асар және Айдана Меденова, режиссер Ақан Сатаев, актриса Рано Умарова, жүргізуші Кирилл Мейстер, продюсер Әлішер Нұржанов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева және т.б. танымал адамдар болғаны көрінеді. Жиналғандар әлеуметтік арақашықтықты бұзып, маска тақпай жүрген.
Айта кетейік, Алматы бұл күндері "қоңыр-қызыл" аймақта болған және қалада кез келген бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, Алматының бас санитария дәрігері Ashyq жобасының қатысушыларын қоса алғанда, барлық ұйымға демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салған болатын.
Кейін бұл жағдайға Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді. Дәрігерлердің айтуынша, бақылау тобы карантинді бұзу дерегін анықтаған.
"Royal Tulip қонақүй кешені аумағында Black star burger іс-шара өткізді. Royal Tulip және Black star burger өкілдерінен түсініктеме алынды. Материалдар Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына әкімшілік іс қозғау үшін тапсырылды", - делінген департамент хабарламасында.
Алайда шараға қатысушыларды қандай жаза күтіп тұрғаны әлі жарияланған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также