ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2019 | 16:38
Алматыда тарақан улаймын деп жансақтау бөліміне түскен ер адам қайтыс болды
Алматыда тарақан улаймын деп жансақтау бөліміне анасымен бірге түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

"Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, мұның алдында Алматыда ана мен баланың тарақан улаймыз деп жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Төтенше жағдай осыдан бір апта бұрын болған. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Маринаның анасы үй ішіне жәндіктерге қарсы дәріні сеуіпті. Тарақанды жоямыз деп қарақан бастары уланды. Алғашында ұлы, келесі күні өзі ауруханаға түсіп, комадан бір-ақ шығады. Бірақ улануға себепкер болған дәріні дәрігерлер қойған диагноздан кейін ғана біліпті. Бұл дәрі Светлана Баленконың қызына да әсер етіпті.
Показать комментарии
Читайте также