ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2022 | 15:29
Алматыда тау бөктерінде өрт шықты
Алматылықтар тау бөктерінде өртеніп жатқан қураған ағаштар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар тау бөктерінде өртеніп жатқан қураған ағаштар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
6 қыркүйекте таңертең сағат 10:00-ден кейін Кеңсай-1 ықшамауданының тұрғындары үйлерінің маңынан түтінді байқаған. Қураған ағаштар жанып, ол үйлерге жақындап қалғаны белгілі болды.
"Дереу өртсөндірушілерді шақырдық. Үйде тек әйелдер мен балалар болғандықтан, қаладан ер адамдарды шақыра бастадық. Олар сағат 12.00-де келіп, өртті сөндіре бастады. Одан кейін сағат 13.00-де біздің бағытқа бес өртсөндіруші келді. Осы уақытқа дейін олар төбенің арғы бетінде өртті сөндіріп жатқан екен", - дейді алматылық Жансая Смағұл.
Сондай-ақ, ол Tengrinews.kz сайтына оқиға орнынан видео жолдады. Кадрларда өрттің үйге қалай жақындағаны көрсетілген.
Алматы тұрғыны Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өртсөндірушілер өртті қалай сөндіргенін айтып берді.
"Өрт көлемі үлкен болғандықтан, олар өз күштерімен өртті сөндіруге кірісті. Шланг сатып алып, суға қосып, сөндірді. Бұл жер таулы аймақ болғандықтан, техника жетпейді. Сондықтан бес өртсөндіруші жаяу жүріп сөндірді. Әрине, олар ара-тұра шаршап, демалып алды. Бірақ қазір олар әлі жұмыс істеп жатыр. Қазір үйлерге қауіп жоқ. Өрт шамамен 20 метр қашықтыққа жақындады. Өртті сөндіруге менің күйеуім, ұлым және екі туысым қатысты", - деп қосты ол.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сәрсенбаев көшесі бойындағы үйлердің маңында қураған ағаштар өртенгені туралы хабарлады.
"Тау баурайының жекелеген учаскелері өртеніп жатыр. Медеу ауданына 21 адам мен төрт техника жіберілді. Сәрсенбаев көшесі екі бөлікке бөлінген, бірақ барлық учаскеге қызметкерлерді жібердік. Жағдай бақылауда", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также