Алматыда тау бөктеріндегі нысан сүріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сот шешімімен тау бөктерінде салынған ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда сот шешімімен тау бөктерінде салынған ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайдағы төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылған.

"Нысан заңсыз салынған. 2022 жылы құрылыстың тиісті құжаты болмағандықтан басқарма өз бетінше салынған ғимаратты бұзуға талап-арыз берген еді. Кейін сот процесі жүрді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2022 жылы 29 қарашада Алматы соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды және Алматының Әділет департаменті атқарушылық іс қозғаған болатын.

"Қала тұрғындарына ғимараттың заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама