Алматыда тауда орналасқан үй өртенді

Алматыда тауда орналасқан үй өртенді

Алматыда тауда орналасқан үй өртенді. Ол Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан жоғарыда - Тұйық су шатқалында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тауда орналасқан үй өртенді. Ол Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан жоғарыда - Тұйық су шатқалында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 14 қазанда сағат 12.01-де түскен. Оқиға болған жерге Медеу ауданының өртсөндірушілері барған.

"Келген кезде бір қабатты ағаш үй жанып жатқан. Өрт жақын жердегі шыршаларға шарпуы мүмкін деген қауіп болды. Сағат 12.45-те ауыздықталды. 13 өртсөндіруші мен 3 техника жұмылды", - деді Алматы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама