Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 ақпанда ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давудов қашып кетті.

Аталған факт бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады, жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Реклама
Реклама

"Айта кетейік, қашып кеткен ер адам 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған", - деп қосты ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама