30 наурыз 2023 10:46

Алматыда TikTok-та онлайн казино ұйымдастырғандар жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда екі адам TikTok арқылы қолданушылардан ақша алып, онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі адам TikTok арқылы қолданушылардан ақша алып, онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА қалалық департаменті өкілдері әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында олардың әлеуметтік желіде 4 ай бойы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық ақша алғаны дәлелденді.

Алматының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде ақша алған, осыған ұқсас құқықбұзушылық жасаған төрт адамға қатысты іс қарап жатыр.

"Әлеуметтік желіде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз және ҚР "Ойын бизнесі туралы" Заңының нормаларына қайшы келетінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram