ПОДЕЛИТЬСЯ
27 тамыз 2022 | 14:00
Алматыда Тимирязев көшесінің бір бөлігі толығымен жабылады
Алматыда Тимирязев көшесінің бір бөлігі төрт күнге толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Тимирязев көшесінің бір бөлігі төрт күнге толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.
"Жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 тамыз сағат 23:00-ден 28 тамыз сағат 07:00-ге дейін, сондай-ақ 28, 29, 30 тамыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тимирязев көшесі бойымен Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша толық жабылады", - делінген хабарламада.
Сондықтан 28-30 тамыз аралығында Тимирязев көшесімен жүретін қоғамдық көлік сызбасына келесідей уақытша өзгерістер енгізіледі:
№ 18 - шығыс бағытта - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Сәтпаев көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта - Сәтпаев көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - әрі қарай сызба бойынша;
№ 22 - шығыс бағытта - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 30 - солтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта - Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 31 - солтүстік бағытта - Тимирязев көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - әрі қарай сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Тимирязев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 32 - шығыс бағытта - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта -Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 45 - шығыс бағытта - Тимирязев көшесі - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша. Батыс бағытта - Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - Тимирязев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 56 - солтүстік бағытта өзгеріссіз. Оңтүстік бағытта - Тимирязев көшесі - Жароков көшесі - әрі қарай сызба бойынша;
№ 70 - батыс бағытта - Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі-бұдан әрі сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі-Тимирязев көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 79 - шығыс бағытта - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта - Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 81 - солтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - одан әрі сызба бойынша;
№ 98 - солтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 116 - солтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - одан әрі сызба бойынша;
№ 123 - солтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Оңтүстік бағытта - Сәтпаев көшесі - Розыбакиев көшесі - Өтепов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 124, 205 – шығыс бағытта - Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - Тимирязев көшесі - әрі қарай сызба бойынша. Батыс бағытта - Тимирязев көшесі - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;
№ 1, 9 ТК Әуезов көшесіне дейін жетіп, кері бағытта Әуезов көшесі - Ғабдуллин көшесі - Манас көшесі - Тимирязев көшесі бойынша жүреді.
№ 11 ТК - шығыс бағытта Жандосов көшесі - Сәтбаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - Абай даңғылы және одан әрі бағыт бойынша "Марғұлан" аялдамасынан басталады. Батыс бағытта: Абай даңғылы - Әуезов көшесі - Жандосов көшесі - Алтынсарин даңғылы, одан әрі бағыт бойынша.
Сондай-ақ, Саин көшесі мен Жандосов көшесінде жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты келесі маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:
№ 212 - шығыс бағытта - Жандосов көшесі - Ясауи көшесі - Шаляпин көшесі - Саин көшесі - Жандосов көшесі. Батыс бағытта - өзгеріссіз.
№ 38 - Шаляпин көшесінен кейін оңтүстік бағытта көпірдің астына кіреді. Осыған байланысты "Юрий Ким көшесі", "Жандосов көшесі", "Таугүл шағын ауданы"аялдама пункттерін қамтымайды.
"Аталған жұмыстар жолдарды орташа жөндеу аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутты алдын ала түзетуді сұраймыз", - деп толықтырды басқарма өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также