ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2019 | 11:20
Алматыда төбелескендер полицияға бір-бірінің үстінен арыз жазған
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше Алматыда брифинг не жиналыс кезінде екі тарап бір-бірімен жанжалдасып қалған, сондықтан оқиға жан-жаққа тарап кетті. Қазіргі уақытта екі тарап дене жарақаттарын келтіру және бұзақылық бойынша бір-бірінің үстінен арыз жазған. Екі тарап та полиция мен медициналық мекемелерге жүгінген. Бүгінде екі арыз тіркелді, бәрін тексереміз", - деп Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Естеріңізге салсақ, 22 шілдеде Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде әйелдер төбелес шығарған болатын. Бес адам полицияға арыз жазған. Сондай-ақ үш адам "іс-шара ұйымдастырушылары мен журналистер дене жарақаттарын келтіргенін" айтып арызданған. Енді сот-медициналық сараптама болады.
Бүгін әлеуметтік желілерде төбелеске қатысқандардың кешірім сұраған видеолары жарияланған.
Показать комментарии
Читайте также