05 шілде 2019 09:19

Алматыда Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады

Камила Долаева Журналист
©Tengrinews.kz

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 шілдеде сағат 22.00-ден 9 шілде 6.00-ге дейін Өтеген батыр мен Төле би көшелерінің және Чокин мен Төле би көшелерінің қиылысында жол жабылады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

"Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту - тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыра отырып, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет", - делінген хабарламада.

Алматылықтар мен қала қонақтарын бұл қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram