Алматыда төрт қабатты нысан бұзылып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда төрт қабатты нысан бұзылып жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда заңсыз нысан бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда заңсыз нысан бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

"2025 жылы 8 мамырда Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды", - дейді Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама