13 наурыз 2020 | 15:48

Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ - министр

© REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты Алматыда төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай жариялау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар, яғни өңір әкімдері шығарады. Әрине, біз олармен байланыстамыз. Қазіргі уақытта төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ", - деді министр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын. Коронавирус жұқтырған 1974 жылғы ер адам және 1984 жылғы әйел адам екені белгілі болды. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оларда аурудың клиникалық белгілері әзірге жоқ. 

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

"Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, жұқтырған екі адамның қай қалаларда екені белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная