ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 16:37
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдеді
Алматы қалалық соты төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты жазаны жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тәртіп бұзушыларға айыппұлдың орнына ескерту берілді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қалалық соты төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты жазаны жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тәртіп бұзушыларға айыппұлдың орнына ескерту берілді.
Қалалық сот төтенше жағдай режимін бұзған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 71 материалды (ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармағы, 1-бөлігі) қарады.
Алматы аумағында сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат кезінде себепсіз көшеге шыққан қала тұрғындары Алматы полициясының қызметкерлеріне ұсталды. Бірінші сатыдағы сот барлық тәртіп бұзушыларға айыппұл салды.
Бірінші сатыдағы сот тәртіп бұзушыларға айыппұл салды.
"Апелляциялық сот алқасы материалдарды қарап, аталған тұлғалардың барлығы өз кінәсін мойындағанын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын анықтады. Олар жасаған ісіне өкініш білдіргендіктен жазасы жеңілдетілді", - деді қалалық сот.
Осы мән-жайды ескере отырып, сот аталған заң бұзушылардың барлығына жазаны жеңілдетіп, ескерту түрінде қалдырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также