18 қазан 2020 | 13:03

Алматыда той жасағандар анықталды

Фото: Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметі

Алматыда 80 адамға арналған үйлену тойын жасағандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 80 адамға арналған үйлену тойын жасағандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

"Басты міндет - коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Мониторинг тобының құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының мамандары кіретін 26 мониторинг тобы күнделікті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - делінген Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметі таратқан хабарламада.

Осы жылдың 17 қазанында кешкі сағат 20.51-де Медеу ауданының мониторингтік тобы "Қазақстан" қонақ үйінің "Ball room" залында (жертөле қабаты) үйлену тойын анықтаған.

"Оған 80-ге жуық адам жиналған. Барлық адам ғимараттан шығарылып, тиісті шаралар қабылданды.  Сонымен қатар, осы жылдың 17 қазанында Әуезов ауданында сағат 17:05-те мобильді топ Інжу - Ақсай 3, 14а мейрамханасында көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан шараны (құдалық) анықтады: бірінші қабатта 40 адамға, екінші қабатта 50 адамға өткізілген. Сағат 17: 45-те рейдтің мобильді тобы Шамгон Қажығалиева,15 мекенжайы бойынша орналасқан "Аделлина" мейрамханасында 50 адамға арналған "құдалықты" анықтады. Шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная