07 желтоқсан 2019 | 15:09

Алматыда туберкулез диспансерінің орнына балабақша салынады

Екі жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимаратты іске асыруды жоспарлаған аудан әкімшілігі инвесторларға ұсыныс жасаған, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екі жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимаратты іске асыруды жоспарлаған аудан әкімшілігі инвесторларға ұсыныс жасаған, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Қазіргі уақытта тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Жаңа балабақша салынса, қаладағы мектепке дейінгі мекемелерге деген кезек сәл де болса азаяр еді дейді мамандар. Қазір қала бойынша 45 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері бос тұрған "Юность" кинотеатры ғимаратында болашақта спорт орталығы ашылады. Ал мына көп қабатты тұрғын үй кешені былтыр салынып бітуі тиіс еді.

Реклама
Реклама

Алайда Алматының таулы беткейінде үш қабаттан асатын ғимарат салуға тыйым салынғаннан кейін 2016 жылы құрылыс тоқтатылған. Енді бұл жерден спорт немесе мәдениет сарайын ашу жоспарда бар. Қаланың Әуезов ауданында осындай ескерусіз қалған, бірақ пайдаға асыруға болатын 30 ғимарат инвесторларға таныстырылды.

"Екі ғимарат – туберкулез диспансері мен "Юность" кинотеатры Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еншісінде. Қалғандары жекеменшікке тиесілі. Балабақша, дамыту орталықтары мен медициналық мекеме ашуға дайын ғимараттар да бар. Сондай-ақ жекеменшік иелегіндегі бос жатқан жерлерге тұрғын үй кешендерін және әлеуметтік нысандар салу үшін инвесторларды тартып жатырмыз", - дейді Әуезов аудандық әкімдігі кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің бас маманы Мәдина Кәрімова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная