ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2022 | 08:52
Алматыда түнде болған ірі жол апатының жай-жапсары айтылды
Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 19 мамырда кешкі 23:45-те Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жүргізуші Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатып рөлге ие бола алмай, бетон жиектасқа соққан.
"Кейін Toyota Әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта бара жатқан, 1994 жылы туған тұрғынның басқаруындағы Chevrolet маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Әрі қарай Toyota жарнамалық тақтаның металл тірегіне соққан. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Grаcia көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, көліктегі қалған төрт адам, оның ішінде жүргізуші де әртүрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді", - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Оның айтуынша, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде тарап жатқаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также