01 тамыз 2020 | 14:17

Алматыда түнде келушілерді артқы есіктен кіргізіп жүрген мейрамхана анықталды

© Facebook.com/Бибінұр Шерәлиева

Алматыдағы мейрамханалардың бірі келушілерді артқы есіктен кіргізіп отырған. Бұл туралы қоғам қайраткері Бибінұр Шерәлиева Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы мейрамханалардың бірі келушілерді артқы есіктен кіргізіп отырған. Бұл туралы қоғам қайраткері Бибінұр Шерәлиева Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнгі рейд Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп өткен. Әйтеке би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан мейрамхана келушілерді артқы есік арқылы кіргізген. Мекеменің кіреберісіндегі жарық өшіп тұрған, бірақ қоғамдық қызметкердің айтуынша, ішінде орналасқан залда қорқор (кальян) болған.

Реклама
Реклама

"Егер осылай жалғаса берсе, біз карантиннен ұзақ жылдар бойы шықпаймыз! Бұл бізге зиян, инфекция әлі де тарап жатыр. Президентті өкімі бар, карантин жарияланды, барлық күш COVID-19-ға қарсы жұмсалып жатыр, енді не дейсіздер? Аурудың тарауына кім кінәлі? Бұл жерде де сіздерді түнде мейрамханаға отырғызып қойған билік пе? Карантин режимін бұзғандарды қатаң жазалау керек, тек айыппұл салып қоймай, реанимацияға апарып, адамдардың денесін тасытып, мәуітханаға экскурсия жасау керек, сол кезде жауапкершілік пайда болатын шығар", - дейді Бибінұр Шерәлиева. 

Фото Facebook / Бибінұр Шерәлиева

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная