Алматыда түнде құрылыс базарынан өрт шықты

Фото: Алматы ТЖД

3 шілдеге қараған түні Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Алатау ауданындағы "Бақорда" базарының аумағындағы өртті сөндіруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер салынып жатқан сауда орталығының жанындағы құрылыс базары жанып жатқанын анықтады.

Реклама
Реклама

"Өрт орнында дереу жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары оқпандар қойылды, өрт автопоезі іске қосылды, үйінділерді жинау үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылды", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт бір сағат ішінде оқшауланып, 6.35-те жойылды. Өрт аумағы 2 мың шаршы метр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная