22 қыркүйек 2024 | 14:43

Алматыда түнгі барда атыс болды: полиция күдіктілерді іздеуге кірісті

Фото: Tengrinews.kz корреспонденті

Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы "Мята" ойын-сауық орнында атыс болды. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, медициналық сарапшылар келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде жария болды. Өтіп бара жатқан адамдардың айтуынша, алғашында төбелес болып, арты атысқа айналған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал бейтаныс адамдар арасында болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Оқиға жайлы басқа ақпарат берілген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram