05 қаңтар 2025 | 14:53

Алматыда тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: іс сотқа түсті

видео кадры

Бұрынғы депутаттың ұлына қатысты қылмыстық іс Алматы сотының қарауына жіберілді. Ол былтыр наурызда Алматыдағы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлігімен қағып, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы депутаттың ұлына қатысты қылмыстық іс Алматы сотының қарауына жіберілді. Ол былтыр наурызда Алматыдағы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлігімен қағып, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5) тармағы ("Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру") және 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату") бойынша сотқа берілген Т.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурызында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталып отыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тергеу сотталушыға өзінің танысы А.-ның қатысуымен түсірілген порнографиялық бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратты деген айып тағып отыр. Қазіргі уақытта сот отырысының уақыты белгіленбеген.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жол талғамайтын көлігімен күзетшіні бірнеше рет қағып, кейін көлігінен түсіп оны соққыға жыққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған болатын. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная