30 шілде 2024 | 10:25

Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

видео кадры

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені – "Graff" ТҮК соттың шешімі бойынша бұзылды. Бұл нысан Ерменсай ш/а, 7, 7 / 71 учаскесінде, яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

"2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімі бойынша, басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысан 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная