Алматыда тұрғын үйлердің біріндегі ер адамның әрекеті жұрттың ашуын келтірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда тұрғын үйлердің біріндегі ер адамның әрекеті жұрттың ашуын келтірді Видеодан алынған кадр

Алматыда "Жас Қанат" шағынауданындағы үйлердің бірінде ерсі әрекет жасаған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда "Жас Қанат" шағынауданындағы үйлердің бірінде ерсі әрекет жасаған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан баспалдақпен көтерілген ер адамның балалар арбасының қасына келіп дәрет сындырғанын көруге болады. 

Видеоны Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-да жариялады.

Жарнама
Жарнама

"Бүгін, 03.12.2021 жылы Алматы қаласы "Жас Қанат" шағынауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісіне жариялады. Факт бойынша тексеру басталды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады", - деп жазды Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама