ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2022 | 09:32
Алматыда тұрғындар Жароков көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешеніне шағымданды
Жароков көшесіндегі үйлердің тұрғындары жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жароков көшесіндегі үйлердің тұрғындары жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының тұрғыны Маржан Меңдібаева әлеуметтік желіде 9 қабатты жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына шағымданды. Оның айтуынша, құрылыс Жароков 286а, 286 мекенжайындағы тұрғын үйлерден 10 метр арақашықтықта салынып жатыр. Тұрғын үйлердің тұрғындары құрылыс салушының үстінен аудан әкімдігіне, қала әкімдігіне, прокуратураға, жер комитетіне шағымдарымен ұжымдық хат жолдаған.
"Тұрғын үйлер ауласындағы бұл құрылысқа қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті, бірақ бұл жоба тікелей әсер ететін тұрғындардың келісімінсіз! Әкімдік тұрғындардың пікірімен және олардың мүддесімен санаспастан, тек өздерінің және әзірлеушілер мүддесін ғана көздеп шешім қабылдайды! Әкімдік азаматтардың өмір сүру сапасын нашарлатып, инфрақұрылымға қатысты кең ауқымды проблемаларды тудырып жатыр" – деді өз жазбасында қала тұрғыны Маржан Меңдібаева.
Алматы әкімдігі Жароков көшесі, 284/1 мекенжайындағы учаске 2007 жылғы сатып алу-сату шарты негізінде жеке тұлғаға тиесілі екенін хабарлады. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, учаске реконструкциялау аймағында орналасқан. Учаске мақсаты - жерасты гаражын бұзу және көпқабатты тұрғын үй кешенін (КТҮК) салу.
Сондай-ақ, әкімдік учаске иесі 2020-21 жылдары жоба алдындағы құжаттаманы алғанын атап өтті.
"Бұл нысан тығыз орналасқан құрылысқа жатпайды, өйткені Қазақстан Республикасының құрылыс ережелеріне және санитарлық нормалар мен тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды және тұрғын үй-жайларды инсоляциямен қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес, арақашықтық кемінде 10 метр болуы керек. Жароков, 286А үйінің аяғынан жобаланған үйге дейінгі арақашықтық 10,8 метр, Жароковтағы 286 үйден 18,6 метр", - деді әкімдік өкілдері.
Жоба Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне міндетті мемлекеттік сараптамадан өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также