13 қаңтар 2022 | 13:22

Алматыда ҰҚШҰ әскері еліне қайта бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда ҰҚШҰ әскерін шығару басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ҰҚШҰ әскерін шығару басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскері әскери институтының саптық плацында өтетін бітімгершілік контингентін шығарып салуға ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып жатыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері тобының қолбасшысы генерал-полковник Анатолий Сердюков барлық жеке құрамға шешуші іс-әрекеттері мен әскери борышын мінсіз орындағаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Реклама
Реклама

Қолбасшы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығына көпұлтты бітімгершілік контингентінің өмірі мен тұрмысын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы - Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына елдегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін Біріккен бітімгершілік контингентін енгізу туралы өтініш жасағанын атап өтті.

"Сіз стратегиялық және басқа да маңызды нысандарды қорғауды қамтамасыз еттіңіз. Сіздің келуіңіздің арқасында қазақстандық әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері бандиттік элементтерді іздестіру және ұстау бойынша тікелей міндеттеріне кірісті", - деді Таласов.

Қазақстан Қорғаныс министрінің атынан Ұжымдық бітімгершілік күштері контингентінің әскери қызметшілеріне алғыс айтылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бірқатар бітімгерлер "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен және мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақстан Республикасындағы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері мемлекеттік, әскери объектілер мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қорғау бойынша тапсырмаларды орындады.

Әскери ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы аумаққа 2030 адамнан тұратын әскері мен 250 техника жіберді. Бұл Қазақстанның конституциялық құрылысты қалпына келтіруге деген бауырластық көмек.

Ұйымдағы одақтастар Қазақстанға лаңкестік әрекет кезінде қолдау білдіріп, дер кезінде көмек көрсетті. Бітімгерлердің аса маңызды нысандарды күзетуге алуы Қарулы Күштер, құқық қорғау органдары мен құралдарының едәуір бөлігін босатып, лаңкестермен күресуге мүмкіндік берді. Осы жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тиімділігі айқын көрінді.

ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін біздің елден кезең-кезеңімен шығару Қазақстан Президенті белгілеген мерзімге сәйкес 13 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.

Контингенттің жалпы саны - 2,5 мың сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада - Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная