ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2022 | 09:16
Алматыда үлкен ағаштардың құлауы жиілеп кетті: 84 628-і апатты деп танылған
Алматыда ағаштардың құлауы жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысалы, 18 наурызда Алматыда ағаш балалар алаңына құлады. 24 наурызда қар жауған соң 44 автокөлік зақымданды. 29 наурызда Алматыда дауыл салдарынан қала орталығында бірнеше үлкен ағаш құлады. Абырой болғанда адамдар аман.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ағаштардың құлауы жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысалы, 18 наурызда Алматыда ағаш балалар алаңына құлады. 24 наурызда қар жауған соң 44 автокөлік зақымданды. 29 наурызда Алматыда дауыл салдарынан қала орталығында бірнеше үлкен ағаш құлады. Абырой болғанда адамдар аман.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, түгендеу және орман патологиялық зерттеу қорытындылары бойынша қалада 2 802 737 ағаш өсіп тұр, оның ішінде 84 628 – апатты жағдайда. Олардың көбі Әуезов ауданында (15 762), одан әрі Бостандық (12 194) және Түрксіб аудандарында (11 846) тіркелген.
"Жүргізілген талдауға сәйкес, негізінен апатты ағаштар қаланың орталық бөлігінде және жатын аудандарда өседі, оның ішінде арнайы мақсаттағы (көше бойындағы) – 34 962 дана, жалпы, шектеулі мақсаттағы (аулалық) – 49 666 дана. Дауылды ескертуге және ауа райының қолайсыздығына байланысты (екпінді жел, қатты жаңбыр, сулы қар) Алматы қаласының аумағында ағаштар мен бұтақтар құлайды", - деді әкімдік Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауапта.
Жыл басынан бері ағаш діңдері мен ірі бұтақтар құлаған 242 жағдай тіркелді (оның ішінде ағаш діңдері – 185, үлкен бұтақтар - 57). Барлық мекенжай бойынша тазарту жұмыстары аудан әкімдері аппараттарының коммуналдық қызметтері және Алматы қаласының құтқару қызметі орындады.
"Бұл мәселені шешу үшін Жасыл экономика басқармасы бес жыл ішінде апатты ағаштарды кесу жобасын әзірлеп жатыр. Бағдарлама Алматыдағы апатты ағаштарды екі бағыт бойынша жоюды көздейді.
Бірінші бағыт: жалпы және шектеулі пайдаланылатын аумақтар (аулаішілік аумақтар, кварталаралық жолдар, аллеялар, саябақтар, скверлер, бульварлар, жасыл аймақтар, жағалаулар, санитарлық-қорғау аймақтары, мәдениет ескерткіштері мен халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты нысандар).
Екінші бағыт: арнайы мақсаттағы аумақтар (көшелер, тротуарлар, жол төсемінен немесе тротуардан құрылысқа дейінгі веложол)", - деп хабарлады Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы өкілдері.
Жыл сайын аудан әкімдігі 1,9 мың ағаш кесуге 54 миллион теңге бөледі, оған 19 мың жаңа ағаш отырғызылады.
"Ағаш мүлікке, автокөлікке және басқасына құлаған жағдайда зардап шеккен адам Алматы құтқару қызметінен анықтама алуы қажет, содан кейін сот органдарына талап арыз беру үшін залал бағаланады. Оны өтеу жөніндегі мәселелер сот тәртібімен шешіледі", - деп түсіндірді Алматы Жасыл экономика басқармасындағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также