14 тамыз 2024 | 14:14

Алматыда Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері қайтыс болды

Шәңгерей Жәнібеков. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібековпен қоштасу рәсімі өтті. Рәсім майдангер тұрған үйдің манында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібековпен қоштасу рәсімі өтті. Рәсім майдангер тұрған үйдің манында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ардагерді жерлеу рәсімі "Кеңсай" зиратында барлық әскери құрметпен өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің суреті

Реклама
Реклама

Іс-шараға "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин, Алматы гарнизонының, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.

Шангерей Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Қарпық ауылында дүниеге келген. Ерте жасында жетім қалып, туыстарының қолында өскен.

Қостанай медициналық училищесінде білім алып, 1942 жылы әскери фельдшер ретінде Кеңес армиясының қатарына шақырылды. Жараланған сарбаздарға медициналық көмек көрсетіп, Брянск, Степный және Екінші Украин майдандары қимылдарына қатысты.

Ардагер Белгород, Харьков, Полтава, Кременчугты азат етуге, сондай-ақ Корсун-Шевченков және Ясско-Кишинев операцияларына қатысты. Румыния, Венгрия, Чехословакия және Аустрия аумағындағы неміс-фашистік әскерлерге қарсы шайқастарға қатысты.

Шәңгерей Жәнібеков. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің суреті

Шәңгерей Жәнібеков 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Антифашистік күреске белсенді қатысқаны үшін" (Чехословакия) медальдарымен марапатталды. Алматының құрметті азаматы болды.

Соғыстан кейін Шәңгерей Жәнібеков еңбек жолын жалғастырып, партия органдарында жауапты қызметтер атқарды. 1976 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, зейнеткерлікке шыққаннан кейін шетелдегі қазақтармен мәдени байланыстар жөніндегі республикалық қоғамды және Қазақ соғыс және еңбек ардагерлерінің республикалық кеңесін басқарды.

"Шәңгерей Жәнібековтің өмір жолы - батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға адалдықтың үлгісі. Оның фашизмді жеңуге және Қазақстанның соғыстан кейінгі дамуына қосқан үлесі өз ісіне және Отанына деген өшпес адалдықтың жарқын символы ретінде халық жадында қалады", - деп атап өтті Алматы гарнизонында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная