23 маусым 2021 | 12:18

Алматыда үнді штамына байланысты әуежай мен вокзалдарда бақылау күшейтіледі

Алматыда әуежай мен вокзалдарда үнді штамына байланысты бақылау күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әуежай мен вокзалдарда үнді штамына байланысты бақылау күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинмен және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевпен біге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын тексергені хабарланды.

"Тексеру барысында мегаполис аумағына инфекция таралу жағдайларының алгоритміне және болдырмаудың алдын алу жөніндегі сақтық шараларына баса назар аударылды. ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елде "Дельта" ("үнді") штамының айналымына қатысты тапсырмасын ескере отырып, жерүсті қызметтердің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы дайындығы, ұшу аумағында инфекция симтомдарын анықтайтын жолаушылар үшін жекелеген инфекциялық бокстардың жұмысы тексерілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әуежайға кіреберістегі Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге де назар аударылды. Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіреберісте "қызыл" мәртебеге ие екі-үш жолаушы тіркелгені хабардар етілді - инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдарға жедел шаралар қабылданып жатыр.

Әуежайды бақылау қорытындысы бойынша, әуе айлағы басшылығы мен бөлімше өкілдері қатысқан коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабтың отырысы өтті.

Эпидемиологтардың айтуынша, Дельта штамы жоғары жұқпалы әрі анықталған штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам. Штамның инкубациялық кезеңі жеті күн. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың "үнді" штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Бекшиннің айтуынша, "үнді штамының симптомдары басқа, үйреншікті штамдардан өзгеше. Мысалы иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда аурудың белгілері болған кезде дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штамм қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек".

Әкімнің орынбасары Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде Әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады.

Айта кетсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті "Дельта" штамынан туындауы мүмкін коронавирус инфекциясының жаңа толқынын жоққа шығармайды. Алматы қаласының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы тұрғындарды вакциналауға, сондай-ақ бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша SARS-CoV-2 "Дельта" штамы әлемнің 74 елінде анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная