23 маусым 2021 12:57

Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме? Бекшин жауабы

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілу мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілу мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта бүкіл жерде енгізіледі. Бірақ біз Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз.

Бәріміз білеміз, 22 маусымда ведомствоаралық комиссия басшысы бас санитария дәрігерге халыққа қызмет көрсету саласындағы адамдарға міндетті вакцина салуға қатысты шара қабылдауды тапсырды", - деді Бекшин.

Бұған дейін Алматы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамы болуы мүмкін екені екі рет тексерілгенін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар Алматыда әуежай және вокзалдарда жаңа штамға байланысты бақылауды күшейтіні белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram