17 маусым 2024 | 17:44

Алматыда үш қабатты ғимарат сүріледі

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда соттың шешімі бойынша үш қабатты ғимарат бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда соттың шешімі бойынша үш қабатты ғимарат бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматыдағы Кәрімов көшесі, 109 мекенжайда заңсыз салынған нысан соттың шешімі бойынша бұзылады. Мегаполистің қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, бұрын тұрғынның өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, құрылысқа рұқсат беру құжаттарының жоқтығы анықталған.

Басқарма іс материалдарын Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолдай отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бөлігі, 463-бабы 1-бөлігі, 462-бөлігі 3-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдады", - делінген хабарламада.

Меншік иесі құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылып, әкімшілік айыппұл салынғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Алмалы аудандық сотына заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу туралы талап қойылды және аудандық соттың 2021 жылғы 28 қазандағы шешімі бойынша басқарманың талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін атқару парағы Әділет департаментіне берілді. Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram