Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы шектеледі Фото:depositphotos.com

Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде үш көшеде автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде үш көшеде автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап С. Марков көшесіне дейін солтүстік жағынан автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады.

1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

Жарнама
Жарнама

2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Габдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

"Уақытша шектеулер көрсетілген көше сегментінің жүргін бөлігінің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама