23 қараша 2022 | 09:18

Алматыда үш күн қатарынан жаңбыр жауып, көшелерді су басты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда үшінші күн қатарынан жаңбыр жауып, қала көшелерін су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда үшінші күн қатарынан жаңбыр жауып, қала көшелерін су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде нөсер салдары түсірілген видеолар тарады. Мегаполистің әр жерінде аулалар мен көшелерді су басты.

Реклама
Реклама

Әкімдік өкілдері қалада жаңбыр, тауда қар жауғанын, Шымбұлақта 20 сантиметр қар түскенін хабарлады.

"Су басу туралы арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Дегенмен, проблемалық аймақтарда, әсіресе Райымбек батыр даңғылынан төмен жерлерде арық желілерінің толып кету деректері бар. Әрбір факт бойынша суды бұру бойынша жедел шаралар қабылданды", - деді әкімдік өкілдері.

Қала бойынша барлығы 52 техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылған.

Бұл ретте синоптиктер алдағы үш күнге Алматының ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар қалада жауын қашан тоқтайтынын айтты. Олардың айтуынша, жауын-шашын 25 қараша, сенбіде тоқтауы керек.

"23 қарашада ауа райы бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта нөсер, тұман күтіледі. Жел екпіні - секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2 және 4 градус жылы, күндіз 5 және 7 градус жылы.

24 қарашада бұлтты, түнде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, тұман. Жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы.

25 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 градус жылы болады", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная