22 мамыр 2024 09:32

Алматыда үш шетелдік көлікті ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда полиция жалпы құны 30 миллион теңге болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция жалпы құны 30 миллион теңге болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция сәуір-мамырда Алматыда жалпы құны 30 миллион теңгеге жуық болатын үш шетелдік көлікті ұрлаған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғынын ұстады.

"34 жастағы ер адам пәтер мен үйлерден ұрлық жасаумен айналысқан. Ол басқа құнды заттармен бірге үй иелерінің көліктерінің кілтін алып, ұрланған көліктермен қылмыс орнынан қашып отырған. Артынша қаскүнем қарыздарын өтеу үшін ұрланған көліктерді арзан бағаға сатып жіберген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті қамауға алынды. Көліктер заңды иелеріне қайтарылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram