ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қаңтар 2022 13:36
Алматыда ұялы телефондар орталығын тонағандар ұсталды
Алматыда ұялы телефон орталығын тонағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері 22 телефон ұрлаған төрт адамды ұстады. Оларды "Әйгерім-2" шағынауданындағы жалдамалы тұрғын үйде ұстады.
Ұсталғандар ішінде ең үлкені 29 жаста, ал кішісі 24 жаста. Олар - Алматы облысының тұрғындары. 6 қаңтарға қараған түні қылмыстық топ ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркалы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу