11 қараша 2021 | 15:56

Алматыда вакцина алмаған оқушылар қалай оқиды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова екпе алмаған балаларға оффлайн режимінде оқуға шектеу қойылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова екпе алмаған балаларға оффлайн режимінде оқуға шектеу қойылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовадан екпе алмаған балалардың мектептерде білім алуына шектеулер бола ма деген сұрақ қойылды.

"Екпеден бас тартқандар саны күн сайын азайып барады. Мектеп директорлары, денсаулық сақтау басқармасы және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екпе алмағандар үшін оффлайн білім алуға, әрине, шектеулер болмайды. Екпе ерікті негізде, ата-ана келісімімен жүргізіледі", - деді Әсел Қалықова.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматыда 30 мыңнан аса ата-ана баласына Pfizer вакцинасын салдыруға келісіп отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная