28 сәуір 2021 | 08:43

Алматыда вакцинация құжатын 15 мың теңгеге сататын "делдал" пайда болған

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда вакцина салынғаны туралы электрон құжатты бірнеше клиниканың атынан беретін "делдал" пайда болды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда вакцина салынғаны туралы электрон құжатты бірнеше клиниканың атынан беретін "делдал" пайда болды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы"

Телеарна журналистері "делдалмен" клиент ретінде байланысқа шыққан. 

- Төлқұжатыңыз бен мекенжайыңызды WhatsApp-қа жіберіңіз. 

Реклама
Реклама

- Оның бағасы қанша?

- Екі доза үшін 15 мың теңге 

- eGov-тан тексерген кезде мәліметтер тұра ма?

- Шығып тұрады, мен бұған дейін құжатты алған адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Содан кейін eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады. 

Сонымен қатар, "делдал" құжат бағасы таңдаған клиникаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында болатынын айтқан. Телеарна тілшілеріне заңсыз қызмет туралы көрермендердің бірі хабарлаған. Ол өзі туралы ақпарат жасырын болып қалуды сұраған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная