Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды.

"Олар жануарлар обасын анықтайтын тест-жүйелерді сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл ретте тест-жүйелері нақты жеткізілмеген. Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама