01 қараша 2022 | 13:10

Алматыда Виктор Цойға арналған тақтайшаларды бүлдірген ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы полицейлері Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойға арналған мемориалдық кешенге зақым келтірген вандалды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойға арналған мемориалдық кешенге зақым келтірген вандалды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының орталық ауданының тұрғындары Төлебаев көшесінің бойындағы аллеядағы вандализмге шағымданды. Биыл сол ауданның тұрғындары Виктор Цой ескерткішінің артындағы аллеяны қайта қалпына келтіріп, әншінің шығармаларынан алынған үзінділер жазылған екерткіш тақташалар қойған. Тұрғындардың айтуынша, жезден жасалған тақтайшалар арнайы тапсырыспен жасалып, әрқайсысының құны 80 000 теңгеден тұрады.

28 қазанда белгісіз қарт адам металл затпен тақтайшаларды әдейі сызған. Алты тақтайша зақымданған.

Реклама
Реклама

"Сәулеттік ансамбль қаланың туристік инфрақұрылымы үшін үлкен маңызға ие, себебі ол негізгі көрікті жерлер тізіміне енген. Өкінішке орай, бұзақылық салдарынан бүлінген белгілерді қалпына келтіру мүмкін емес", - деп жазылған жергілікті белсендінің парақшасында.

Бейнежазба жарияланып, тұрғындар арыз жазғаннан кейін Алматы полициясы жағдайға байланысты жауап берді. Тақтайшаларды бүлдірген ер адам анықталып, ұсталды.

"Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1952 жылы туған ер адамды ұстады, ол жасаған әрекетін мойындап, өкініп, бүлінген тақтайшаны қалпына келтіруге міндеттелді. Оның әрекеті ҚР ҚК 434 (Ұсақ бұзақылық) және 505-баптары бойынша сарапталған. Істің материалдары сотқа жолданады", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная