08 желтоқсан 2021 14:30

Алматыда "Ы" және "Я" сыныптары қалай пайда болады? Сағынтаев жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мектептерінің қалай толып жатқанын түсіндірді. Ол жақында мәселе шешілетініне сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мектептерінің қалай толып жатқанын түсіндірді. Ол жақында мәселе шешілетініне сендірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ТК салынып жатыр. Басында олар (құрылысшылар. - Ескерт.) жобада мектептер де, балабақшалар да бар екенін айтты. Бірақ іс жүзінде олар бірінші кезекте тұрғын үй, ал кейін мектеп салады. Тез арада үй салынды, ал балалар біздің (әкімдіктің қаржысына салынған. - Ескерт.) мектепке барды. Сондықтан "Ы", "Я" сыныптары пайда болады", - деді Сағынтаев ОКҚ брифингінде.

Ол мұндай жағдай әкімдікке де ұнамағанын айтты.

"Біз олай болмайтынын айттық. Қыркүйектен бастап барлық құрылыс жұмысын тоқтаттық. Есеп мынадай - бір орын 4,2 миллион теңге болады. "Егер шартты түрде 100 мың шаршы метр салғыңыз келсе, онда сіз бір ауысымда 900 орындық мектеп салуыңыз керек. Мектепті кейін емес, қазір салу керек. Үйге бір кірпіш, мектепке екі кірпіш салу керек" дедік. Екі ай бойы күрестік. Олар бізге баспана беру бағдарламасы бұзылып жатқанын айтты. Жарайды, екі айдан кейін үйді тапсырамыз, бірақ келісу керек", - деді Сағынтаев.

Алматы әкімі құрылыс салушылардың 70 пайызы шарттармен келісіп, меморандумдарға қол қойғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол құрылыс жүріп жатқан жоқ, бірақ мектеп тапшылығы мәселесі кездесетін жерлерде әкімдік өз қаражаты есебінен мектептер салады деп сендірді.

"Жер учаскелерін сатып аламыз, сүреміз, кеңейтеміз, қосымша құрылыстар жасаймыз. Биыл 17 қосымша құрылыс жасалды", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети