17 ақпан 2021 | 11:45

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: іс прокуратураға жолданды

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыдағы Sulpak дүкенінің маңында Қызыл кітапқа енген емен ағаштарын кесу ісі прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Sulpak дүкенінің маңында Қызыл кітапқа енген емен ағаштарын кесу ісі прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуінде "Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштар үшін біреу жазаланды ма?", деген сұрақ қойылды. Жауапты Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов берді.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабы бойынша прокуратураға жолданды ("Айыптау актісі мен қылмыстық істі прокурорға жолдау" - автор)", - деді Таймерденов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная