ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2023 | 16:20
Алматыда заңсыз салынған 3 тұрғын үй кешені анықталды
Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда заңсыз салынған үш тұрғын үй кешені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау департаменті мәліметінше, мына тұрғын үй кешендерінде құрылысқа құжаттардың толық пакеті жоқ:
ORDA CITY тұрғын үй кешені (ТҮК)
Теректі шағынауданы, Айналмалы көшесі, 183 учаске
Тапсырыс беруші: Investment Stroy ЖШС.
"Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ. Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады", - делінген хабарламада.
Dostar Deluxe ТҮК
Мәдениет шағынауданы, 185/8
Тапсырыс беруші: ИП "Ашинов";
"Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ. ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша шара қабылданғаны айтылды.
Verona ТҮК
Ремизовка шағынауданы, 7-жол 71 учаске
Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға
"Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ. Айта кету керек, бүгінде азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу деректері тұрақты түрде анықталып жатыр. 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушы адамдарды жаңылыстырады", - делінген хабарламада.
Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеру ұсынылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также