ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2023 | 11:13
Алматыда заңсыз салынып жатқан дүкен сүрілді
Дүкен ғимараты Шұғыла шағынауданы, Жүнісов көшесі, 47 үй мекенжайында заңсыз тұрғызылған. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүкен ғимараты Шұғыла шағынауданы, Жүнісов көшесі, 47 үй мекенжайында заңсыз тұрғызылған. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Меншік иесі рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсетуге арналған учаскеде өз бетінше заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.
"Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1 бөлігі, 321-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылдады және анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Меншік иесі ұйғарым талаптарының орындалуы туралы ақпаратты тиісті уақытта басқармаға ұсынбаған, нәтижесінде 15.09.2022 жылы Наурызбай аудандық сотына заңсыз нысанды бұзу туралы талап арыз берілген", - делінген хабарламада.
Сол жылы желтоқсанда Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімі бойынша талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бөлшектеу арқылы бұзатын болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также