01 шілде 2022 | 08:55

Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй сүрілетін болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тengrinews

Алматыда көптеген арыз-шағымға байланысты "Шұғыла" ықшамауданында заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілетін болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көптеген арыз-шағымға байланысты "Шұғыла" ықшамауданында заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілетін болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтінішіне байланысты заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі қозғалған. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша, қала құрылысын бақылау бөлімінің талап арызы қанағаттандырылды: сот нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

"Құрылысты бұзу 1 шілдеде сағат 10:00-де басталады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін азаматтардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау бөлімі осы нысанда тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная