Кеше | 09:43

Алматыдағы Абай даңғылының құрылысы қашан аяқталады?

Фото. Алматы әкімдігі

Алматы тұрғыны редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 хабарласып, Абай даңғылы қашан ашылатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 хабарласып, Абай даңғылы қашан ашылатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғынның айтуынша, Алатау даңғылынан Строительная көшесіне дейінгі аумақтағы Абай даңғылы 29 қыркүйекте ашылуы керек еді, алайда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бізге қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, Строительная көшесімен қиылыста жұмыстарды жүргізу барысында жобада ескерілмеген инженерлік желілер анықталған.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты аталған аумақта көлік қозғалысын ашу мерзімі ауыстырылып жатыр, бүгінде Строительная көшесінің бойындағы есепке алынбаған электр және байланыс желілерін алып тастау, дренаждық құбырларды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Абай даңғылының солтүстік жағы мен Строительная көшесінде 16 қазанда, оңтүстік жағында 21 қазанда көлік қозғалысын ашу жоспарланған", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті